Бас прокуратура өмір бойы бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың өтінішін зерттейді. Бұл туралы Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев айтты, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.
«Өтініш Бас прокуратураға түсті. Қосымша зерттейміз, себебі іс он жыл бұрынғы. Қажет болса, одан жауап алынады», — деді Тәшімбаев Бас прокуратурада өткен брифингте.
Бұған дейін бірқатар БАҚ Владислав Челахтың «Арқанкерген «бекетінде 15 адамның өліміне қатысты жағдайдың жай-жапсарын айтуға дайын екенін хабарлаған болатын.
2012 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Алматы облысының Алакөл ауданындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде болған оқиға. «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының «Қазақстан-Қытай шекарасында» «Сары бөктер» заставасында 14 шекарашының және бір қорықшының мәйіті табылды, заставадағы «Арқанкерген» постының ғимараты өртеп жіберілген. Аман қалған шекарашы сарбаз Владислав Челах шекара бекетінен 20 шақырым жерде орналасқан қыстаудан табылды. Челах тергеу жұмысы барысында басты күдікті ретінде қарастылып, қамауға алынды.