Бас прокуратураның «Заңдарды бірге жақсартамыз» сервисі кәсіпкерлер мен инвесторларға бизнесті жүргізуге және дамытуға кедергі келтіретін нормалар туралы Бас прокуратураға тікелей хабарлауға мүмкіндік беру мақсатында әзірленген.
Осыған байланысты сайтта тек заңнамаға ұсыныстар орналастырылады.
Ұсыныстарды зерттеу нәтижелері бойынша мынадай жауаптардың бірі беріледі:
• ұсыныс қолдау тапты;
• ұсыныс қолдау тапқан жоқ.
Сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізді бұзу фактілері бойынша (оның ішінде құқықтық актілерді қолдану кезінде), сондай-ақ Бас прокуратура Сіздің ұсыныстарыңызды қолдамау негіздемесін алу қажет болған жағдайда, заңдарда белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына ресми түрде жүгіну қажет.
Бас прокуратура порталы жұмысының барлық мәселелері бойынша Call-орталыққа 115 (Қазақстан бойынша тегін) немесе 30-17-93, 8-702-629-75-61 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.
ARDA-Aqparat