Четверг, 28 ноября, 2024

Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде су басқан ауылдардан 240 адам эвакуацияланды – Юрий Ильин

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Батыс Қазақстан облысындағы жағдайды баяндады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Жалпы 51 үйді су басты. Оның 45-і — Батыс Қазақстан облысында болса, 6 – Ақтөбе облысы аумағында. 240 адамның 20-дан астамы уақытша эвакуация пунктіне орналасты, қалғандары туыстарының үйіне кетті», — деді Ю. Ильин Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, мониторинг жұмыстары жалғасуда, жол жабынында 26 су тасқыны байқалған еді, оның 13-і тоқтатылды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған