Мысырды билеген қазақ Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай Алматыда бәйге өтті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Оған Қазақстанның 7 облысынан келген 100-ден аса шабандоз қатысты. Сайыста аламан бәйге ғана емес, жорға жарысы мен қыз қуу сынды ұлттық ойында жүйріктер анықталды. Дәстүрді дәріптеген іс-шара Алматыдағы ипподромда болды.
– Қазақстанның ең үздік 3 жасар аттарының арасындағы жарыс болады. Ол жыл сайын өтеді. Бірақ биылғы жүлде қоры өте жоғары, – деді Qazaq jockey club төрағасы Мақсат Ақаев.