Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасын Бибігүл Райханқызы Төлегенова басқаратын болды. Осы тағайындауға дейін ол аталмыш мекеме басшысының орынбасары болып жұмыс істеген, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бибігүл Төлегенова 1976 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар: 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2017 жылы ҚАЗМЗУ университетін бітірген.
2002 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарды: ұйымдастыру-жедел және кадрлық жұмыс бөлімінің жетекші маманы; мемлекеттік бағдарламаны үйлестіру, медициналық технологияларды дамыту, дәрілік саясат және лицензиялау бөлімінің жетекші маманы; МСАК үйлестіру бөлімінің бас маманы; медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің лицензиялау және квота жөніндегі бас маманы; ұйымдастыру-жедел және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы; медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы; амбулаториялық-емханалық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің бас маманы; Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы.
2021 жылдың сәуірінен 2023 жылдың ақпанына дейін-денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмысы АҚ және ТЖ жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.