Төреғалидің адвокаты Тілеужан Кішкенбаев әншінің құқығы тапталды деп есептейді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Төреғалидің құқығы тапталды. Бүгінгі жағдай үшін оны ақ демеймін. Бірақ полиция қызметкерлері қызметін асыра пайдаланған. Таңғалдық. Аса ауыр қылмыс жасаған адамдай 20-дан астам тәртіп сақшысы жүр. Түрксіб аудандық полиция басқармасында 3 жылға созылған істер бар. Полицейлер осылай жабылып жүріп жұмыс істесе қуанар едім. Әлі күнге дейін ашылмаған қаншама қылмыстық іс бар бұл ауданда. Қарапайым қазақты қорғамайсыз ба деп жатыр. Көмегіме жүгініп алдыма келген әрбір адамның ісіне жанымды салып кірісемін. Қайдағы жоқ жауапсыз полицей маған сын айтып қояды», — деді Тілеужан Кішкенбаев.