Пятница, 29 ноября, 2024

Бір жылда 155 кәмелетке толмаған жасөспірім суицид жасады – Аида Балаева

«Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық ата-аналар форумында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева өскелең ұрпақ арасындағы түйткілді мәселелерді атады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Мына жағымсыз статистикаға назар аударыңызшы: 2022 жылы елімізде кәмелетке толмағандар арасында суицидтің 155 және өз-өзіне қол жұмсаудың 309 фактісі тіркелді. 2023 жылдың 4 айында – кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың 47 фактісі және өзіне қол жұмсауға оқталудың 137 фактісі болған. Ата-аналар балаларын дәстүрлі емес діни секталар мен топтарға тарту фактілері де жиілеп барады, — деді Аида Балаева.

Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда елімізде ата-анасы деструктивті діни көзқарасты ұстанатын 2383 бала тұратынын да тілге тиек етті.

Жыл басынан бері әлеуметтік желілерде ұрып-соғу, жаппай төбелес, жоғары сынып оқушылары мен жастар арасындағы жанжалдар бар бейне роликтер қаптап кетті. Өскемендегі сауда орталықтарының бірінде оқушы қызды ұрып-соққан атышулы оқиға болды. Семей қаласының елді мекендерінде де оқушы қыздарға қатысты осындай оқиғалар тіркелді, — деп хабарлайды Ұлттық комиссия төрағасы.

Оның айтуынша, жалпы, жастар арасында ерекше қатыгездікке бой алдырған оқиғаларының көбейген. Соның нәтижесінде бүгінгі күнгі мәлімет бойынша ІІБ есепте 3 924 бала тұрса, 6 278 бала мектеп есебінде тұр.

Оның айтуынша, жастардың құмар ойындарға деген әуестіктерінің артып келе жатқаны да өткір тұр. «Кейбір мәліметтерге сәйкес, 2022 жылға қарай құмар ойынына тәуелділіктен зардап шегетін қазақстандықтардың саны 350 мыңға жеткен. Сонымен қатар, 15 пен 18 жас аралығындағы құмар ойындарға тәуелділіктен зардап шегетін жастар санының өсу тенденциясы байқалады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған