Қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы схемаларына қарсы белсенді жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Өткен жылдың өзінде 29 қаржы пирамидасының көзі жойылып, зардап шеккендерге 8,3 млрд теңгенің шығыны өтелген.
Азаматтардың алаяқтық схемаларға тартылуының алдын алу үшін олардың қызметін жарнамалайтын 13 000 интернет сілтемесі мен аккаунты бұғатталды.
Қазірдің өзінде тартылған азаматтарға 19 000 ескерту жіберілді, бұл 15 000 азаматтың қауіпті аккаунтар жазылымынан бас тартуына ықпал етті.
«Дегенмен, азаматтар өздеріне керемет табыс ұсынатын адамдарға сеніп, жинақтарын күмәнді схемаларға салуды жалғастырып жатыр» дейді агенттіктен.