Четверг, 28 ноября, 2024

Бір жылдың ішінде инфляция 18,1 пайызға төмендеген

Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылдық инфляция 18,1 пайызға төмендеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Инфляцияның баяулауы ақпандағы реттелетін қызметтер тарифінің және оңтүстік өңірлерде егіннің жойылып, үсікке тап болуына байланысты жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бағасының өсуімен, сондай-ақ жоғары сұраныс жағдайында көлік қызметі құнының өсуімен шектелді, — делінген Ұлттық банктің баспасөзінде.

Наурыз айында инфляция 0,9 пайызға дейін төмендеген.

Қазақстан экономикасы биылғы қаңтар-ақпан айында 4,3%-ға өскен. Бұның бірден бір себебі, ішкі сұраныстағы тұрақтылық. Автомобильдің, электр тұрмыстық техниканы, азық-түлік пен киім-кешекті сату нәтижесіндегі бөлшек тауар айналымы экономиканың өсуіне оң динамикасын беруде.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған