Среда, 27 ноября, 2024

Біртанов ісі: Апелляциялық сот шешімі шықты

Елордада бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Апелляциялық алқа экс-шенеуніктердің шағымын қанағаттандырмады.

«Сот алқасы қаулы етті: Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотының өткен жылғы 28 қазандағы Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылсын. Сотталғандардың қорғаушыларының апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді», — делінген сот шешімінде.

Еске салайық, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі мен экс-вице-министрге қатысты сот үкімі 2022 жылдың 28 қазанында шыққан болатын. Оған сәйкес Елжан Біртанов 5 жылға, ал Олжас Әбішев 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Одан кейін экс-шенеуніктердің адвокаттары №2 Сарыарқа сотының үкіміне апелляциялық шағым түсірген болатын.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған