Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның 33-бабының 1 тармақшасына сәйкес бұйырамын: 2023 жылы 1 500 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылсын», — делінген ведомствоның ресми сайтында жарияланған тиісті құжатта.
Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктеледі.