Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет еліміздің бүкіл тұрғын үй-коммуналдық саласын ауқымды жаңғыртуды жүзеге асырып келеді.
Былтыр коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 500 млрд теңге, оның ішінде бюджет есебінен – 327 млрд теңге бағытталды.
Соның нәтижесінде бірқатар ірі жылу көздері мен 5,8 мың км инженерлік желілер жөнделді.
Биыл бұл мақсатқа 450 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 6,5 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді.
Осы жүргізіліп жатқан тарифтік реформаның арқасында 2029 жылға дейін 62 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғырту және тозуды 20 пайызға азайту үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.
Бұл коммуналдық инфрақұрылымды нормативтік жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді.
ARDA-Aqparat