Среда, 27 ноября, 2024

Биыл қаңтарда қазақстандықтарға 274,1 млрд теңге зейнетақы төленді

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 274,1 млрд теңге зейнетақы төленді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«2023 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен 274,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 84,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 189,9 млрд теңге.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 292 мың адам. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 878 теңге, базалық зейнетақы – 37 781 теңге», — делінген министрлік таратқан мәліметте.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған