Четверг, 28 ноября, 2024

Биыл Қазақстанда өлім деңгейі 26,1% төмендеген

Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында еліміз бойынша 101,7 мың адам қайтыс болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,1 пайызға аз. Мәселен, былтыр осы аралықта 137,6 мың адам көз жұмған еді, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Өңірлер арасында бұл көрсеткіш Алматыда жоғары болып отыр. Атап айтқанда, биыл онда 9,3 мың адам қайтыс болды. Бірақ бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,1 пайызға аз. Келесі кезекте Қарағанды (8,8 мың адам) мен Түркістан (7,4 мың адам) облыстары тұр. Ал өлім жағдайлары ең аз Ұлытау облысында (1,5 мың адам) тіркелген.

Қазақстандықтар көбіне қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұмады. Одан үстіміздегі жылы 22,7 мың адам қайтыс болды. Сонымен қатар биыл жаңа ісіктердің пайда болуы дерті 10,2 мың адамның өмірін жалмаса, тыныс алу органдарының ауруынан 9,8 мың тұрғын көз жұмды. Ал жазатайым оқиғалар, улану мен жарақат салдарынан 8,5 мың қайтыс болды. Сондай-ақ, 8,1 мың адамның өліміне себеп болған — ас қорыту органдарындғы дерттер.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған