Вторник, 26 ноября, 2024

Биыл «Сайран» көлінің түбі тазартылып, аумағы абаттандырылады – Алматы әкімі

Алматыда «Сайран» көлінің түбі тазартылып, аумағы абаттандырылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Әкімнің айтуынша «Сайран» көлі бүкіл Алматы қаласы үшін ерекше орын болып табылады.

«1971-жылдан бастап, яғни су қоймасы салынғаннан бері мұнда реконструкциялау және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүрмеген. Біз биыл ақпан айынан бастап ауданы — 50 га болатын Сайран көлінің түбін шөгінділерден механикалық тазарту жұмыстарын бастаймыз. Жоспарға сәйкес жұмыстарды мамыр айының соңына дейін аяқтаймыз», — деді қала әкімі.

Ол, сондай-ақ көлдің аумағын абаттандыру жұмыстары жайлы айтты.

«Биыл наурыз айында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамасы шығып, осы жылдың үшінші тоқсанында конкурстық рәсімдер аяқталған соң, «Сайран» көлінің аумағын реконструкциялауды және абаттандыруды бастаймыз», — деді Ерболат Досаев.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған