Понедельник, 25 ноября, 2024

Бизнеске қатысты 75 салық тексеруі заңсыз деп табылды

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ұсынуы бойынша бизнеске қатысты 75 салық тексеруі заңсыз деп танылып, 60-қа жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Оған қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде тексерулерді тіркеу заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген тексеру негіз болды.

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін тексеру барысында  Салық және Кәсіпкерлік кодекстерінің нормаларында көзделген тесерулерді тағайындау және жүргізу тәртібі бойынша 300-ден астам өрескел бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, уәкілетті органда тексерулердің тіркелмей жүргізілуі, салық тексерулер актілерінің уақытылы берілмеуі, заңды күші жойылған тексеру парақтарының қолданылуы, тексеру мерзімдерінің бұзылуы сияқты салық заңнамасы саласындағы тексеру ұйымдастыру бойынша бұзушылықтар орын алды.

Анықталған бұзушылықтар бақылаушы мемлекеттік орган тарапынан негізсіз қысым жасағанын білдіреді, бұл отандық бизнестің дамуына кедергі келтіреді.

Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 45 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке және 47-сі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Осындай фактілерге жол бермеу мақсатында қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.

ARDA-Aqparat

 

 

 

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған