Пятница, 29 ноября, 2024

Вайнер Мейіржан Төребаев қамаудан босатылды

Судья Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша айыпталған Мейіржан Төребаевтың адвокатының өтінішін қанағаттандырып, бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үй қамағына ауыстырды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Енді блогер жазасын өз үйінде өтейді, ал сот процестері толықтай онлайн режимде өтеді. Мейіржан Төребаевқа тұрғылықты жерінен кетуге, әлеуметтік желілерді пайдалануға және баспасөзбен сөйлесуге тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпан айында Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. 20 сәуірде олар 10 күнге қамауға алынды, содан кейін қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды. Кейінірек қамауға алу мерзімі тағы бірнеше рет ұзартылған болатын.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған