Жастар арасында Zheka Fatbelly деген лақап атпен танылған блогер Жеңіс Омаров сүйіктісіне үлкен гүл шоғын сыйлап, таңғалдырды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
“Менің өмірімдегі ең басты адам – менің анам. Мен анама 5000 дана гүл сыйлып, аналардың құрметіне мурал салдым. Осылайша махаббатымның мәңгі екенін дәлдегім келді. Кейін менің өмірімде тағы бір жан пайда болды. Мен үшін қымбат, сүйікті жан, менің болашақ балаларымның анасы. Біз некемізді қидық, бірақ өміріміздегі маңызды күнді атап өтпедік. Өйткені барлығы тез өтіп жатыр, қабылдап, түсініп үлгермей жатырмыз. Сүйіктіме деген махаббатымды басқаша білдіремін деп шештім”, – дейді блогер.
Жеңіс Омаров әйеліне 2000 дана раушан гүлін сыйлады. Қалыңдықтың қуанышы мен таңғалысында шек болмады.
Осылайша танымал блогер ер азаматтарды сүйіктілеріне сыйлық жасап, жиі қуантуға кеңес берді.
“Бұл бейнежазба ғашықтарға ескерту болса деймін. Араларыңыздан сыйластық пен махаббат кетпесін. Ер азаматтар, әйелдеріңізге гүл сыйлаңыздар. Олар қуанса, біз содан қуат аламыз. Құрметті әйелдер, ал сіздер ер азаматтың осындай қадам сыйлық жасауына себеп болып, бізді шабыттандырудан жалықпаңыздар”, – дейді Жеңіс Омаров.
Желі қолданушылары бейнежазба астында түрлі пікір қалдырды. Блогердің әйеліне деген сыйластығын сөз қылса, енді бірі оның бұл әрекетін ысырап деп санайды.
“Әйелдерді қалай сыйлау керегін үйреніңдер, жігіттер», “Өте әдемі”, “Нағыз ер азамат”, “Бізге сен сияқты жігіт жұғысты болсын”, “Мына видеоны әйеліме көріп қоймасын”, “Әйелім “гүл қайда?” деп айқай-шу шығарады”, “Бауырым, ысырап емес пе?”, “Өкшеқұл”, – деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, жақында жас жұбайлар шариғат бойынша некелерін қидырған еді.