Среда, 27 ноября, 2024

Бойжеткенді судан арқалап алып өтіп, көлікке жеткізген жігіт жұртты сүйсіндірді

Әлеуметтік желіде гүл ұстаған бойжеткенді судан арқалап алып өткен жігіттің видеосы тарады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бұл жағдай көшелерін толықтай су басқан Алматы шаһарында болған. Ер азамат су басқан көшелермен жүру мүмкін болмағандықтан қолында гүл шоғы бар бойжеткенді судан арқалап алып өтіп, көлікке отырғызбақ болды.

Осы көріністі желі қолданушылары ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген.

Көпшілік қыз бен жігіттің махаббаты мен сыйластығына тәнті болды. Тіпті ғашықтарға осындай “жағдай жасап берген” Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа рахмет айтты. Енді бірі қызды арқалап көлікке отырғызған жайлы таксидің жүргізушісі деп болжады.

“Яндекс комфорт”, “Не деген махаббат”, “Бұл таксидің жүргізушісі”, “Шын сүйетін адам қандай жағдай болса да келеді”, “Мұндай ер азаматтар құрметке лайық”, “Жастарға жағдай жасап берген Досаевқа рахмет”, “Ұмытылмас романтика”, Жаңбырлы кезде ұсынылатын такси қызметі”, – деп әзіл-шыны аралас пікір қалдырды желідегілер.

@xyt_live

#махаббат ❤️#тастак #цветы

♬ оригинальный звук — spotify.sdp

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған