Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нұрсұлтан Алтынбек жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
54 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған отандық былғары қолғап шебері финалда Филиппин өкілі Флинт Джарамен жұдырықтасты.
Тартысты өткен кездесуде төрешілер жеңісті Нұрсұлтан Алтынбекке берді.
Осылайша, отандық боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатының «алтынын» қанжығасына байлады.