Вторник, 26 ноября, 2024

Бокстан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысын ұтып, алтын алды

Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

48 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған отандық былғары қолғап шебері финалда Өзбекстан өкілі Шодиержон Меликузиевпен жұдырықтасты.

Үш раундта да жоғарғы деңгейде жұдырықтасқан Санжар Тәшкенбай төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен кездесудің жеңімпазы атанды.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған