Четверг, 28 ноября, 2024

Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылды

Қарасай аудандық сотының шешімімен жалпы көлемі 37,6 гектар болатын жер учаскесін сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылды, ал бұл тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаевқа тиесілі орын, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Әңгіме «Барыс» автобазары жайлы.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, шешім 17 сәуірде жарияланған. Сот шешімі шыққанымен, жауап берушіге 28 сәуірге дейін апелляцияға жүгінуге уақыт берілді.

БАҚ өкілдері Болат Назарбаевқа тиесілі тағы 1,5 мың гектарға жуық жер телімін мемлекет меншігіне қайтарылатыны жазылуда. Бұл жер Жандосов ауылының жоғары жағында орналасқан және кадастрлық картада көлемі Шамалған ауылынан үлкен.

Еске салайық, прокуратура, әкімдік және Болат Назарбаев арасындағы іс ағымдағы жылдың наурыз айының соңында басталған болатын.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған