Понедельник, 25 ноября, 2024

Борышкерге хабарлама жіберетін робот жасалды

Елімізде борышкерге хабарлама жіберетін атқарушылық құжатты автоматты түрде қозғау жөніндегі робот жасап шығарылды.

Бұл туралы әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Вице-министр: «Жеке сот орындаушысы мәжбүрлеп орындаған кезде борышкерлерден негізгі борыш сомасы және өндіріп алу сомасының 3 пайыздан 25 пайызға дейінгі мөлшерде қосымша комиссия өндіріп алады. Роботты пайдалану азаматтарға сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуге қосымша қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», — деді.

Сондай-ақ ол министрліктің барлық қызметі egov.kz.сайтында қолжетімді екенін тәптіштеді: «Бұл ретте оларды реинжинирингтеу және толық электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Қаңтар айында жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша қызмет автоматтандырылды. Олардың қатарында жылжымайтын мүлікке жатпайтын мүлік, айналымдағы тауарлар, ақша, мүліктік құқықтар, оның ішінде болашақ өнімге құқық қамтылған. Осындай жұмысты заңды тұлғаларды тіркеу (тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу) саласындағы қызметтер бойынша жоспарлаймыз».

ARDA-Aqparat  

 

 

 

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған