Среда, 27 ноября, 2024

БҚО полицейлері 465 дана киік мүйізін тәркіледі

38 жастағы Ақжайық ауданы Чапаево ауылының тұрғыны 465 дана киік мүйізін шаруашылық құрылыста жасырған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дәлелдемелік базаны бекіту және ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіледі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған