Отандық жас әнші Ұланғасыр Қамиев көпшілікке жаңадан танылып келеді. Отандық әнші «Қызыл раушан» бейнебаянындағы көпшіліктің көңілінен шыққан мұртының қалай жасалатынын Instagram желісінде көрсетті, деп жазады Arda-ақпарат.
Әншінің өзі бұл видеосының астына «Брендті мұртым», — деп жазып қойды.
Видеодан Ұланғасыр Қамиевтің мұртын қыздардың кірпік бояйтын тушімен бояп жатқанын көруге болады.
Ал желі қолданушылары бұл видеоны көріп, көңілі көтерілгенін жарыса жазды.
«Туштың бізге қарағанда, сізге пайдасы көп екен», «Қызым «Мұртын бояп алған, шын емес» деп қоймайтын еді. Рас екен ғой», «Мұрт жарасады екен», «Керемет, сөзім жоқ», «Сізге мұрт жақсы жарасады», «Күлкіге қарық қылдың», — деп жазды желідегілер.