Еліміздің бірнеше өңірінде мектептер мен колледждердегі сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Температураның төмендеуіне байланысты 29 қарашада Шығыс Қазақстан облысымектептерінде бірінші ауысымның сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Атап айтқанда, Өскеменде, сондай-ақ Алтай, Тарбағатай, Ұлан, Глубокое, Самар, Катонқарағай, Шемонаиха, Зайсан және Күршім аудандарында 0-11 сыныптар мектепке бармайды.
Ал Риддерде 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Қызылордада да қолайсыз ауа райына және қатты желге байланысты 0-4 сынып оқушылары онлайн білім алады.
Қарағандыда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары үйде қалды.
Павлодарда ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-сыныптан 9-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды.
Абай облысында 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2 курс студенттері онлайн оқитын болды.