Среда, 27 ноября, 2024

Бүгін – Конституция күні

Бүгін еліміздің басты құжаты – Конституцияның 28 жылдығы аталып өтеді. Ата Заң 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

ҚР Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ол 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды.

1993 жылғы Конституцияның негізінде еліміз парламенттік республика моделінде болса,1995 жылы қабылданған Конститутция негізінде президенттік-парламенттік билікке көшті. 1995 жылы қабылданған Конституцияға әр жылдары бірқатар өзгеріс енгізілді.

Бүгінгі күнге дейін Конституция 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары реформаға түскен.

Конституцияға соңғы түзетулер 2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық референдум қорытындысы бойынша қабылданды. Нәтижесінде Конституцияның 33 бабына ондаған өзгеріс енгізілді. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу; бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу; Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру; елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру үдерістеріне құқықтық негіз қалыптастыруға арналған.

Сондай-ақ, биыл 1 қаңтардан бастап Конституциялық сот өз жұмысын бастады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған