Четверг, 28 ноября, 2024

Бүгін Мемлекет басшысы Босния мен Герцеговина Президиумы Төрағасымен кездеседі

Бүгін Мемлекет басшысы Босния мен Герцеговина Президиумы Төрағасымен кездеседі, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.

Сонымен қатар Президент:

  • Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен;

  • Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен;

  • Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен;

  • ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған