Бүгін барша қазақтың мақтанышына айналған Сидней Олимпиадасының чемпионы, Бекзат Саттархановтың туған күні. Жасындай жарқ еткен Саттарханов көзі тірі болса, биыл 43 жасқа толар еді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бекзат Сейілханұлы 1980 жылы 4 сәуірде киелі Түркістан қаласында дүниеге келген. Сидней Олимпиадасында тәуелсіз еліміздің туын көкке көтеріп, әнұранын асқақтатқан спортшы 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жыл қарсаңында, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында жол апатынан қаза тапты.
Бекзат Саттарханов небәрі 20 жасында Олимпиада ойындарында топ жарып, Нұрсұлтан Назарбаевтың колынан I дәрежелі «Барыс» орденін алған тұңғыш спортшы болды. Ең соңғы рет туған қаласындағы Мерекелік жиында «Жылдың үздік спортшысы» атағын алды да, анасымен қоштасып, мәңгілік сапарға кете барды.