Алматы облысы Іле ауданында өзін нашар сезінген автобус жүргізушісін байқап қалған оқушысы қоғамдық көлікті тоқтатып, жолаушыларды апаттан құтқарып қалды. Бұл туралы Kazinform хабарлады.
Алматы облысының әкімдігі мәлім еткендей, автобус жүргізушісінің талмасы ұстап, көлік құралын басқара алмай қалған. Сол кезде оқушы тез арада тежегішті басып, автобусты тоқтатқан.
Автобустағы жолаушыларды құтқарған баланың есімі — Ақжол, 24 лицейдің 8 «Е» сынып оқушысы.
Жолаушылардың айтуынша, ол жылдам әрекет етпегенде, автобус жақын жердегі ғимаратқа соғылуы мүмкін еді.
ARDA-Aqparat