Среда, 27 ноября, 2024

Бүгінгі саммит БРИКС-тің рөлін күшейтіп, көптеген өзекті мәселені шешуге көмектеседі — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15-ші БРИКС саммиті аясында өтіп жатқан мемлекеттер басшыларының «БРИКС Плюс» диалогы отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Бүгінгі саммит БРИКС-тің рөлін елеулі түрде күшейтіп, ашық диалог пен өзара түсіністік негізінде жаһандағы көптеген өзекті мәселені шешуге көмектесе алады.

Бұл саммит халықаралық аренадағы жағдай шиеленіскен кезеңде өтіп жатыр. Оның сипаттары саяси қысым жасаудан, конфронтациядан және жаппай санкция салудан көрінеді.

Сондықтан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде өңіраралық ынтымақтастықтың перспективасы мен ортақ мүдделері туралы көзқарасымызды жеткізгім келеді», — деді Мемлекет басшысы жиында.

Президент осы мүмкіндікті пайдаланып, Үндістанның Премьер-министрі Модиді Айдың Оңтүстік полюсіне таяу жерге үндістандық ғарыш аппаратының сәтті қонуымен шын жүректен құттықтады.

«Бұл – тарихи уақиға», — деп бағалады Қ.Тоқаев.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған