Вторник, 26 ноября, 2024

Букмекерлік ұйымдардың әлеуметке пайдасы

Сырттай букмекерлік кеңсе туралы бәріміз білеміз. Букмекерлік ұйымдардың байрақты бәсекелерге демеушілік жасайтынынан хабардармыз. Әсіресе, футбол сияқты драмаға толы матчтар алдында жарнамасы экранға жиі шығады. Арасында комментатор да ауық-ауық еске салып қояды.

Букмекерлік ұйымдардың спорт саласына демеушілік етуі әлемде кең тараған тәжірибе. Мысалы, АҚШ-та 1xBet, William Hill және т.б. әлемге әйгілі букмекерлік кеңселер жыл сайын балалар мен жасөспірімдердің футбол, баскетбол, бейсбол, регби командасына ондаған миллиард доллар бөледі. Соңғы 5-7 жылда американдық футбол, баскетбол спортында болашағынан зор үміт күттірген талай талантты жастың түлегенін мамандар айтып отыр. Ең қызығы, уақыт өте келе қаржылай қолдаудың көлемі айтарлықтай өсіп, Үкіметтің спортқа бөлген қаржысынан да асып түскен.

Әлемде бар үрдіс бізде де қисынды жалғасын тапқан. 2022 жылы Қазақстанның букмекерлік саласы кәсіби спорт саласын және балалар мен бұқаралық спортты дамытуға 4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Жетекші букмекерлік ұйым бірнеше жылдан бері «Қайрат» футбол клубының бас демеушісі. «Астана» футбол клубына букмекерлік ұйымдар да демеушілік жасайды. Бұл тізімге Қазақстан Жоғары хоккей лигасын (ЖХЛ), «Сарыарқа», «Торпедо» хоккей командасын, «Шахтер» футбол клубын, әуесқой футбол лигасын қосуға болады. Бұл – осы саланың жұртшылыққа мәлім тұсы.

Ал беймәлім тұсы қандай? Букмекерлік ұйымның былтыр ондаған команда, жүздеген спортшыны қолдағанын, балалар үйлері мен ауруханаларға көмек қолын созғанын, әрі әлемдік деңгейдегі спорттық іс-шараларды қаржыландырғанын біреу білсе, біреу білмес. Әлеуметтік сала мен медицина да назардан тыс қалған жоқ. Бұған пандемия кезіндегі «Дыши.kz» жобасы дәлел. Тағы бір мысал. Былтыр қыркүйекте «Білім күнімен!» іс-шарасында аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 50 оқушыға оқу құралы мен рюкзакты сыйға тартты. Балалар үйінің де тұрақты демеушісі.

Бұған қоса, бірнеше жыл бойы дарынды жас музыкантты тап басып танитын, халыққа паш ететін Еуразиялық өнер дамыту қорына, «Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы фестиваліне демеушілік етеді. Бірсыпыра балалар үйі мен отбасылық үлгідегі балалар ауылына, қайырымдылық қорына, ардагерлер кеңесіне тұрақты түрде көмек көрсеткеніне талай жылдың жүзі болды. Бірақ мұны жариялап жатпайды. Ең өкініштісі, сала туралы теріс пікірлер мен жаңсақ ұғымдарға мұның кереғар екенін көріп-білсе де, әлдекімдер қара күйе жағып әлек.

Олжабек Байқуатов

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған