Среда, 27 ноября, 2024

Бурабайда қонақ үйлердің бірінің 17 қызметшісі тамақтан уланып қалды

Ақмола облысындағы «Rixos» қонақ үйінің 17 қызметшісі тамақтан уланып қалды, оның ішінде 7 адам жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Rixos» қонақ үйінің қызметшілері арасында бактериялық ішек инфекциясының 17 жағдайы тіркелгені анықталды. Инфекцияны жұқтырған 17 науқастың 7-і Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды, қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды, жағдайлары қанағаттанарлық», — деді Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова.

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, қазіргі кезде «Бурабай» санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Rixos» қонақ үйінің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр.

«Судың, тамақ өнімдерінің және шайындылардың сынамалары алынды, зертханада тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, қызметшілер тексеріліп, эпидемияға қарсы шаралар жалғасады», — деп толықтырды Сәуле Сәдуақасова.

Көкшетау қаласы жұқпалы аурулар орталығы мамандарының сөзінше, инфекция жұқтырып, ауруханаға жатқызылған науқастардың саны тоғызға жеткен.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған