ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек дәстүрлі брифинг барысында әйелдерге көрсетілген тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткіштерін атады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Өткен жылы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің инспекторлары сенім телефондары арқылы 27 мыңнан астам әйелге кеңес берді, өмірлік қиын жағдайға тап болған 9 мыңнан астам зардап шеккен адам дағдарыс орталықтарына жүгінді», — деді Шұғыла Тұрлыбек.
Ол атағандай, дағдарыс орталықтарының сенім телефондарына 5 мыңға жуық қоңырау түскен.
«Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторлары баспанаға 3 мыңнан астам адамды орналастырды.Сондай-ақ әйелдерге 9 мыңнан астам кеңес берілді, оның 5,5 мыңнан астамы полицияға жүгінді. Нәтижесінде 22 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 4731 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Тұрлыбек.