Таяуда ғана жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен ел басшысы Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін ризашылығын білдірді деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты»-делінген хабарламада.
Сирия Президенті жеделхатқа:
– Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды, – деп жазған.