Четверг, 28 ноября, 2024

Даниал Ахметов ШҚО әкімі лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек жолында ол бірқатар қызметтерді атқарған:

  • «Павлодаржилстрой» тресінің үй құрылысы комбинатының шебері (1976-1981);

  • КОКП Екібастұз қалалық комитетінің нұсқаушысы (1981-1983);

  • «Екібастұзшахстрой» Комбинаты бас инженерінің орынбасары, партком хатшысы (1983-1987);

  • Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары (1987-1991);

  • «Екібастұзэнергожилпромстрой» трестінің басқарушысы (1991-1992);

  • Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы (1992-1993);

  • Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі (1993-1997);

  • Солтүстік Қазақстан облысының әкімі (12.1997-10.1999);

  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары (10.1999-21.12.2000);

  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (21.12.2000-21.11.2001);

  • Павлодар облысының әкімі (21.11.2001-13.06.2003);

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (13.06.2003-08.01.2007);

  • Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (10.01.2007-17.06.2009);

  • Экологиялық энергетика саласындағы компания басшысы (12.2010);

  • Энергетика және инфрақұрылым министрі — Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (2012-11.2014);

  • Шығыс Қазақстан облысының әкімі (11.11.2014, 06.2017, өкілеттіктер 17.06.2019 ұзартылды, 07.12.2022 бастап қайта тағайындалды) лауазымын атқарды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған