Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Ақпаратты ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Біз Қазақстан Республикасының СІМ-нен Жұмаханов Бекетжан Махатжанұлының орнына Дәурен Әскербекұлы Абаев келетіні туралы тиісті нота алдық. Ол ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарады. Біз оны 7 наурызда күтеміз. Оның тәжірибесі ТМД-ның Атқару комитетінде сұранысқа ие болады деп сенеміз», — деп жауап берді Атқару комитеті өкілдері.
Дәурен Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келді. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бітірген.
Еңбек қызметі: ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы (2001-2003);
Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде үшінші хатшы (2003);
Нидерланды Корольдігіндегі ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі, екінші хатшы (2003-2007);
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы (2007);
ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты (2007-2008);
ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары (2008-2009);
ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2009);
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі (2011-2016);
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі (2016-2019). 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2020 жылдың 4 мамырынан — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
2021 жылдың 11 қаңтарынан — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған.