Вторник, 26 ноября, 2024

«Дені сау адамның баспаналы болуына мүмкіндік бар». Министр депутатқа жауап берді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың «Отбасы банк» ипотекаларына балама бағдарлама шығару туралы ұсынысына жауап берді.

«Шатасу болмас үшін айтайын, деніңіз сау, жұмысқа қабілетті адам болсаңыз, пәтерге ақша жинайсыз. Мен түсінем, әркімнің жағдайы әрқалай. Бірақ мемлекет тұрғысынан қарағанда, мүгедек балалар мен дені сау адамның қайсысына басымдық беру керек деген сұрақ туындаса, кешірерсіз, мен мүгедек балаларды таңдаймын. Осы пайымды ұстануымыз керек деп ойлаймын», — деді министр.

Министрдің пікірінше, елімізде дені сау адамның баспаналы болуына толық мүмкіндік бар. Тек қаржылық тұрғыда сауатты болу керек.

«Сіз балама бағдарлама керек дейсіз. Қолданыстағы бағдарламалар жетіп жатыр. Бір ғана жауап айтам, қаржылық тұрғыдан сауатты болып, ақша жинақтау керек. Сол ақшамен қолданыстағы бағдарламалардың ипотекасын алуға талпынған дұрыс», — деді Қанат Шарлапаев.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған