Понедельник, 25 ноября, 2024

Депутат: Онлайн несиеге тыйым салу керек!

Мәжіліс депутаттары онлайн несие беруге тыйым салуды ұсынды. Себебі интернет алаяқтары тыйылар емес.
Әрі отандастарымыздың жеке деректері қалай тарап кеткенін құқық органдары әлі күнге анықтай алмай отыр. Ал алаяқтардың үстінен қозғалған 85 істің 45-і тоқтаған, деп жазады qazaqstan.tv.
Күдікті ретінде есепке алынған 218 адам шетелде жүр. Мәжілісмендер алданып қалған азаматтардың саны күн санап артып келе жатқанына алаңдап отыр.
Депутат Магеррам Магеррамовтың сөзінше, бізде кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету ақсап тұр.

«Бұл жағдай біздің жеке деректерді қорғау жүйесі әлсіз екенін көрсетеді. Кез келген сипаттағы ақпарат, ЖСН немесе биометрия киберқылмыскерлер үшін таптырмас құрал бола алады. Жәбірленушілер алаяқтар рәсімдеген несие қарыздарын жылдар бойы төлеп жүр. Сондықтан электронды онлайн несиелеуге тыйым салу керек»,-деді Мәжіліс депутаты.

ARDA-Aqparat 

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған