Вторник, 26 ноября, 2024

Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің соты қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жабық режимге ауыстырылды

Қаңтар оқиғасына қатысты қамауға алынған Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің соты қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында жабық режимде өтеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Дикий Арман мен Қайрат Құдайберген және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 21 қыркүйекте аяқталды. Сотталушылардың жалпы саны 45 адам.

“Оларға «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» (ҚК 362-бабы), ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және оған қатысу (ҚК 262-бап), қарақшылық шабуыл (ҚК 191-бап), заңсыз бас бостандығынан айыру (ҚК-нің 126-бабы), 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оларға қатысу (ҚК 272-бап), бандитизм (ҚК 268-бап) бойынша айыптар тағылды”, – делінген хабарламада.

Отырыс барысында сотқа процеске қатысушылардан сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту және жою, қылмыстық істі қайтару және тоқтату, жақын туыстарын қорғаушы ретінде тану туралы жүзден астам өтінішхат түскен.

“Сондай-ақ іс бойынша 10 жәбірленуші, бір куә және бір сотталушы тарап, сот отырысын жабық түрде өткізуді сұрады. Олар өз өмірлері мен отбасылары мен жақындарының қауіпсіздігі үшін қауіптенетінін айтқан. Бұл өтініштерді сот қанағаттандырды”, – деп қосты сот өкілдері.

Басты сот отырысы ағымдағы жылдың 6 қазанына белгіленген.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған