Ұлытау облысында жоғалған 3 адам қыстау маңынан табылды. Облысытық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, олар мінген көлік қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, 4 қаңтар күні үш адам көлікпен Бұрмаш қыстауына қарай кетіп, қайта байланысқа шықпағаны туралы хабарлама түскен. Олар қыстауға 2 қаңтар күні Қарсақпай кентінен шыққан.
«Адамдарды іздеу жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылды.Табылған адамдардың айтуынша, олар шыққан көлік 12 км қашықтықтағы Бұрмаш қыстауының жанында қар құрсауында қалып қойған» — деді Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ төтеншеліктер табылған адамдардың бәрі дін аман екенін, ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпегенін хабарлады.