Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген бала кезінде Абай әнін шырқаған видеосын жариялады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Мереке қарсаңында Абай атамыздың әні – «Көзімнің қарасы». 11 жасар кезден естелік. Ақтөбе қаласы облыстық филармония жанынан құралған музыкалық «Саз» балалар мектебінің оқушысы», — деп жазды әнші Instagram желісінде.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында тың челлендж бастады. Бейнеүндеуінде әнші Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқып, челленджді барлық жанкүйері мен өнердегі әріптестеріне жолдады.