Әнші, музыкант Димаш Құдайберген Алматыда жанкүйерлерімен кездеспек, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында Лос-Анжелестен Алматыға ұшып келетінін мәлімдеді. Димаш наурыз демалыстарында туған елі — Қазақстанда болмақ.
«Біз Лос-Анджелестен туған Қазақстанға бір-екі күнге ұшып барамыз. Ата-анама қонаққа барамын, сіздермен танысамын. 20 наурыз — әжемнің туған күні. Ал 22-сіне Алматыда сіздермен кездесу болады. Мен сізді кездесуде асыға күтемін», — деп жазды Димаш.