Вторник, 26 ноября, 2024

Димаш Құдайберген «Ағайынды Карич» сыйлығын алды

Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде Сербияда Karić brothers award сыйлығына ие болғаны туралы сөз етті.

«Сербияның Белград қаласында Karić brothers award сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс айтамын. «Ағайынды Карич» сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады. 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферовке, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевқа, кинорежиссер Е.Кустурицаға, қоғам қайраткері М.Мазариге, теннисші Новак Джоковичке, актер Стивен Сигалға табысталға. Аталмыш сыйлық барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған», — деп жазды өнер иесі.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған