Әнші, музыкант Димаш Құдайберген туған інісі Әбілмансұрмен бірге түскен фотосын Instagram парақшасында жариялап, оған ақ тілегін білдірді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Туған күнің құтты болсын, талантты інім. Саған барлық жақсылықты тілеймін. Бір күні сен әлемдегі ең ұлы музыканттардың бірі болатыныңа сенемін. Сенде оған барлық мүмкіндік бар. Жай ғана жасай бер», — деп тілек жазды Димаш Құдайберген.
Әбілмансұр Құдайберген ағасының құттықтауына «көп рақмет» деп пікір қалдырып, жауап берді. Димаштың Қарындасы Раушан да інісін туған күнімен құттықтады.