Четверг, 28 ноября, 2024

«Димаштың орнына Қытайға мен баруым керек еді». Маржан Арапбаева I Am a Singer жобасы туралы айтты

Әнші Маржан Арапбаева өзіне түскен ұсыныстан не себепті бас тартқанын айтты. Қытай еліндегі ауқымды жобаға бармағанына өкінетінін жеткізді. Бұл туралы әнші «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Өнерпазға «I Am a Singer» жобасына бірнеше мәрте ұсыныс түскенін, бірақ бара алмағанын жеткізді.

«2015 жыл. Жақында ғана босанғам. Сол кезде Ертай есімді журналист хабарласып Қытайда «I Am a Singer» жобасы өтіп жатыр сол жерге сізді ұсынсақ қатысуға деді. Желіден жоба туралы қарап шықтым. Ол жерде 6 ай болу керек екен. Мен омырауда балам болған соң ойланайын дедім. Жолдасыммен ақылдасқанда ол кішкентай баламен қалай барасың деді. Барғым-ақ келіп тұр бірақ бара алмайтын болдым», — дейді әнші.

Әнші, Димаш Құдайбергенге  сәттілік тілеп шығарып салғанын айтты.

«Астана қаласында балалармен ән айтатын үлкен концертте Димаш екеуміз кездесіп қалдық. Сол кезде маған «мен Қытайға кетіп бара жатырмын» деп дайындалып жатқанын көрсетті. «Сау бол, жақсы» деп сол кезде қоштастық. Бірнеше уақыттан соң теледидардан Димаштың сол жобада ән айтып тұрғанын көрдім», — дейді ол.

Димаштың орнын басамын деп айтпаймын, басқа кезде де маған ұсыныс түсті бірақ бара алмадым дейді әнші.

«Димаштың орнына деп айта алмаймын бірақ сол жобаға бірнеше әншіге ұсыныс жасаған болар. Ол жерде апаратын адамға арнайы талап бар. Кез келген әнші мен қатысамын деп барып қатыса алмайды. Димаштың алғаш сол жерде, сол сәтте әнді орындап шыққанда мен көзіме жас алдым. Бұл Димаштың жобасы соның барғаны дұрыс болды деп. Келесі жолы шақырғанда мен барамын дедім бірақ қиын жағдайлар орын алды, — дейді Маржан Арапбаева.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған