Ұлттық банк доллар мен рубльдің 22 қарашадағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 463, 35 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 7,64 теңге.
21 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3, 99 теңгеге қымбаттап, 463, 49 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464 – 467 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 462 – 466 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,32 – 7,45 теңгеге сатып алуға болады.