Пятница, 29 ноября, 2024

«Донор болып, көп адамның өмірін сақтап қалған»: Қазақстандық жігіт Қытаймен екі ел арасындағы достық символына айналды

2022 жылдың сәуір айында Си Цзиньпиннің Хайнаньға (Оңтүстік Қытай) сапары кезінде қазақстандық Руслан Төленов ҚХР төрағасымен кездесуге мүмкіндік алды. Бұл Русланның есімі Си Цзиньпиннің атымен қатар аталған бірінші сәт емес еді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

2013 жылы Қазақстандағы Назарбаев университетінде сөйлеген сөзінде Си Цзиньпин Русланның қытайлық науқастарға «панда қаны» деп аталатын сирек кездесетін резус-теріс қан түріне қарсы донор болғаны жайлы айтқан.

Ол кезде Руслан Хайнань университетінің студенті болатын және оның сирек кездесетін қан тобы Қытай мен Қазақстан арасындағы достықтың символына айналады деп еш ойламаған.

Бала кезінде Руслан қытай сериалдары мен фильмдерін бар ынтасымен тамашалауының арқасында Қытай мәдениетіне деген қызығушылықтары біртіндеп арта түскен. 2008 жылы ол алғаш рет Қытайға келгенде оның баратын жерлерінің бірі Хайнань провинциясы болды.

16 жастағы Руслан Төленов аралға алғашқы сапары кезінде-ақ ғашық болады. Теңіз климаты мен керемет тропикалық ландшафт оның туған қаласындағы жергілікті колориттен ерекшеленіп тұрғандай еді. Бір жылдан кейін жасөспірім Хайнань университетінде қытай тілін оқи бастайды.

2009 жылы Руслан Төленов қан доноры болды. Ол теріс Rh факторы бар қан тобының Қытай халқының тек 0,1-0,3 пайызында болатынын білген. Сондықтан адам өмірін сақтап қалу өте маңызды еді.

Одан кейінгі 13 жылда ол жылына екі рет қан тапсырған. Нәтижесінде жігіт алты литрден астам қан тапсырды, бұл бір ересек адамның қан көлемінен шамамен 1,5 есе көп.

Сондай-ақ Руслан Төленов төтенше жағдай кезінде қан банктерінде өзінің байланыс деректерін қалдырған. 2017 жылы Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы Ланфан қаласынан келген науқас кесарь тілігінен кейін шұғыл түрде «панданың қанын» құюға мұқтаж болды. Қазақстандық көмек беру үшін Ланфанға келіп, 400 мл қан тапсырады.

Арада он жыл өтсе де, Руслан Төленов қазақстандық аудитория алдында сөйлеген сөзінде ҚХР төрағасының өз істері туралы айтқанын естіген сәтін еске алып, әлі де толқынысын жасыра алмаған.

“Бұл маған үлкен шабыт сыйлады.Төраға Си Цзиньпиннің мақұлдауын ақтау мақсатында әрі қазақ-қытай достығына үлес қосу үшін мойныма ауыр жүк арқаладым”, – дейді қазақстандық.

Си Цзиньпиннің айтуынша, Руслан оқиғасы Қытай мен Қазақстан халықтары арасындағы достық қарым-қатынас эпопеясының бір эпизоды ғана.

Қазақстандық студент Исмаил Дауровты да Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында COVID-19 індетімен күресудегі ерікті қызметі үшін Си Цзиньпин жоғары бағалаған. Ал қазақстандық офтальмолог Сәулебек Қабілбеков Солтүстік-Шығыс Қытайдың Хэйлунцзян провинциясында жиырма жылдан астам уақыт бойы қытайлық науқастарды емдегені үшін Си Цзиньпиннің құрметіне бөленген.

Қытай мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 31 жыл ішінде Қытай-Қазақстан достығы терең тамыр жайып, алмасулардың ұлғаюы арқылы екі ел халықтарын жақындастыра түсті.

Бүгінгі таңда Қазақстанда бес Конфуций институты құрылды, олар жыл сайын 3 мыңнан астам адамға қытай тілін үйретеді. Бұл ретте Қытайдың төрт университетінде, тағы екеуінде қазақ тілі мамандығы бойынша Қазақстанды зерттейтін ғылыми орталықтар ашылған.

2021 жылдың аяғында Қытайда білім алған қазақстандық студенттердің және Қазақстандағы қытайлық студенттердің жалпы саны 15,1 мыңға жеткен.

Қытайда магистратураны тәмамдаған Руслан Төленов қазір БАҚ байланыстарымен айналысады. Ол Хайнань еркін сауда портын кеңірек аудиторияға насихаттауға жауап береді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған