Алматы әкімі Ерболат Досаев 13 сәуірде Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде қарбалас кезіндегі кептеліс мәселесін қалай шешетінін айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Әуезов ауданы тұрғындарының бірі әкімнен қарбалас кезіндегі кептеліс мәселесі неге шешілмей жатқанын сұрады. Ол бұл мәселемен экс-әкімдерге де жүгінгенін, бірақ шешім қабылданбағанын айтты.
«Қала әкімдігі мұнымен айналыспайтын сияқты әсер қалдырады. Алматыда маятник қозғалысы бар. Таңертең барлығы орталыққа келеді, кешке кетеді. Идея мынандай: бағдаршамдарды таңда бәрі орталыққа келетіндей, ал кешке керісінше бағыттайтындай басқару», — деп ұсыныс жасады Алматы тұрғыны.
Ерболат Досаев тұрғынды бұл мәселені әкімдік шешіп жатқанына сендірді.
«Қала бір орында тұрған жоқ. Біз қазір екінші кезеңмен айналысып жатырмыз. Жыл соңына дейін жалпы картина көрінеді деп үміттенеміз. Мұнда басқаруда жасанды интеллектті қолдану мәселесі тұр. Мұндай озық тәжірибе Алматыда ғана бар емес. Алматыда бағдаршамдарды ауыстыру жиілігі жасанды түрде реттеледі, — деді Ерболат Досаев.
Бұған дейін Алматы әкімі Жұбанов көшесі қала шекарасына дейін созылып, бұрынғы машина жасау зауыты аумағында мектеп салынатынын айтқан еді.