Понедельник, 25 ноября, 2024

Драматург Ғазиз Ештанаевтың «Гүлбаһрамның көзі жасы» трагедиясы сахналанды

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Ақ желкен» студенттік театры Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Жазушылар одағының мүшесі, ақын, драматург Ғазиз Ештанаевтың «Гүлбаһрамның көзі жасы» трагедиясын сахналады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қойылымда қайраткер Сәкен Сейфулиннің өмірі, қиын жылдардағы әйел тағдыры, жесір қалған жар, жетім бала, елдің тартқан азабы көрініс табады.

Қойылым Гүлбаһрамның естеліктері арқылы өріледі. Олардың танысқан сәттерінен бастап айдаудағы азапты күндеріне дейін суреттеледі. Сәкен мен Гүлбаһрамның отбасылық өмірлері, жұбайлардың сырласуы мен Сәкеннен, балаларынан айырылған сәттегі қайғыдан қан жұтқан кездері әсерлі суреттеледі. Лагерьдегі азапты жеті жыл көрермендердің көзіне жас алғызды.

Спектакльдың режиссеры Нурфат Вахитов спектакльды қою барысында ерекше әсер алғанын айтты.

Гүлбаһрамның көз жасы» – өте әсерлі шығарма. Бір әйелдің тағдыры арқылы халықтың тағдырын көрсетуге тырыстық. Екі баласынан айырылуы, атпал азаматынан айырылуы – өте ауыр тағдыр. Студенттер үшін де рөлді сомдау өте ауыр болды. Өйткені олар кәсіби маман болмаса да осындай ауыр спектакльды қойды, — дейді ол.

Драматург Ғазиз Ештанаевтың «Гүлбаһрамның көзі жасы» трагедиясы сахналанды

Режиссердың сөзінше, университет Ғазиз Ештанаветың Сәкен туралы шығармаларын осымен бесінші рет қойып жатыр.

Бұған дейін «Жол басы», «Жолайрық», «Ақын мен ажал» деп аталатын Сәкеннің өмір жолы сипатталатын шығармаларын қойған едік, — деді ол.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған